389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

  • 225
  • UPD: 14:24, 23.08.2019
Президент Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды.

Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.

Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды. 

Ақпарат көзі:akorda.kz

Хабар 24 телеарнасы