387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тянь-Шаньда жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды

  • 265
  • UPD: 21:51, 23.08.2019
Тянь-Шаньда жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды

Тянь-Шянь тауына аттанып, оралмаған қазақстандық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды.

Бұл жөнінде бүгін Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Альпинистер федерациясының Бас хатшысы Қазбек Валиевтің айтуынша, жоғалған әріптестері қар көшкінінің астында қалуы мүмкін. Хан тәңірі өте қауіпті, мұздақ әрі қарлы болып келеді. Альпинистер жоғалған күннен бастап онда ауа райы да қолайсыз болып тұр. Әскерилер мен тәжірибелі альпистерден құралған құтқарушылар тікұшақпен 14 рет «Жеңіс» шыңына дейін көтеріліп, тау шатқалдарын аралап шыққан. Өкінішке қарай, жоғалған альпинистер табылмады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин 6600 биіктіктегі мұзарт шыңға көтеріліп, қайта түсіп келе жатқанда қиын жағдайға душар болғандарын хабарлаған. Александр Чечулиннің өкпесі қабынып, қайтыс болғанын айтқан. Соңғы рет олар, байланысқа 15 тамызда шыққан екен.

Қазбек Валиев, ҚР Альпинистер федерациясының бас хатшысы:

- Қар көшкіні жиі болып тұратын тау бөктерінде қалған адамды табу өте қиын. Біз альпинистрдің болуы мүмкін деген жерлердің бәрін барынша іздеп шықтық. Тікұшақтың екі жағынан да арнайы құрылғымен әрбір 150-200 метрді тексердік. Өкінішке орай ешкімді таба алмадық.

Хабар 24 телеарнасы