387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытау туристік мекенге, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс – Қ.Тоқаев

  • 475
  • UPD: 13:01, 24.08.2019
Ұлытау туристік мекенге, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс – Қ.Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау - 2019» халықаралық туристік форумына қатысып жатыр.

Бұл туралы Ақорданың ресми твиттері хабарлайды.

Сондай-ақ Ақорданың ресми твиттері Қазақстан Президентінің форум барысында сөйлеген сөзінен үзінділер келтірді: 

«Қ.Тоқаев: Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. Қалың қауым осы киелі өлкеде ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қараймыз!»

«Қ.Тоқаев: Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын».

«Мемлекет басшысы: Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет».

«Қ.Тоқаев: Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс. Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі...».

Хабар 24 телеарнасы