389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаздың соңғы күндері табиғат қандай мінез танытпақ

  • 423
  • UPD: 17:14, 26.08.2019
Жаздың соңғы күндері табиғат қандай мінез танытпақ pic2.me

Қазгидромет 27-29 тамызда қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын жариялады.

Оған сәйкес, солтүстік циклонның ықпалынан суық фронттармен батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда екпінді жел соғып, найзағай жарқылдап, арты жаңбырға ұласуы мүмкін.

Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда қайта жоғарылайды деп болжануда.

29 тамызда оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал, мұнда бұрынғыдай ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы + 28-37°С дейін көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы