423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президенті жанынан Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылады

  • 1557
  • UPD: 11:01, 28.08.2019
ҚР Президенті жанынан Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылады inform.kz

Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
  2. Қоса беріліп отырған:

1) Ұлттық комиссия туралы ереже;

2) Ұлттық комиссияның құрамы;

3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                 Қ.Тоқаев

Хабар 24 телеарнасы