387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді

  • 185
  • UPD: 21:20, 28.08.2019
Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді

Белгілі қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Құттықадаммен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының өзекті аспектілері, аталған диалог алаңының еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде қазіргі ішкі саяси ахуал және Орталық Азиядағы өңірлік үдерістер жөнінде сөз болды.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметовпен өткен кездесуде азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің ролін арттыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы азаматтық секторды нығайтудың және оның әлеуетін әртүрлі салада пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, білім және ғылым саласын жаңғырту, университеттердің жаңа рөлі мен олардың мүмкіндіктерін ұлттық экономиканы реформалау ісіне пайдалану жөнінде сөз болды.

Президент «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалимен «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында ұсынылған бастамалардың іске асырылу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, елімізде этнотуризмді кеңінен насихаттау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Хабар 24 телеарнасы