387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев сыйлығының иегерлері белгілі болды

  • 171
  • UPD: 13:57, 29.08.2019

Елордада ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының иегерлері марапатталды.

Биыл бұл сыйлық МАГАТЭ-ның бас директоры болған Юкия Амонаға және ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға берілді. Екеуі де халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға және ядролық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласына сүбелі үлес қосқан. Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойғанына 28 жыл. Тұңғыш Президенттің бұл бастамасы Біріккен Ұлттар ұйымы тарапынан жоғары бағаланды. Жиында Елбасы 1949 жылы 29 тамызда Қазақстанда Кеңес одағының бірінші атом бомбасы жарылғанын айтты. Соның салдарынан экологияға орасан зор зиян келді және адами трагедияға әкеп соқтырды.

Сексенінші жылдардың соңында Қазақстан қару-жарақ арсеналы жағынан әлемде төртінші мемлекет еді. Мұндай қордан бас тарту біздің ел үшін оңай болмады. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес одағының қарсылығына қарамастан, батыл түрде шешім қабылдай білді. Елбасының осы батылдығы – елімізді жарқын болашаққа беттеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемнің көптеген мемлекеті Қазақстанның осы қадамын үлгі етіп отыр деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазір біз ядролық мемлекеттер қатарынан әлемнің антиядролық қозғалыстың жаһандық көшбасшысына айналдық. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен жүзеге асты. Осы мақсатқа жету жолы күрделі болды. Біздің халқымыз жанталаса қарулану мен әскери сынақтардың зардаптары қандай болатындығын жақсы біледі. Өйткені Кеңес одағындағы ядролық сынақтардың үштен екісі елімізде жасалды. Қазақстан ядросыз әлемге қарай нық қадам басуға жол ашқан көптеген бастаманы көтерді.

Хабар 24 телеарнасы