386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 222
  • UPD: 08:03, 31.08.2019
Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды 34.ua

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

31 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан ескен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда 31 тамыз күні найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы да ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу мүмкіндігі 90-95%.

31 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.

31 тамызда Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында шаңды дауыл көтеріліп, батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 95-100%.

Хабар 24 телеарнасы