387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарын қабылдады

  • 372
  • UPD: 21:13, 03.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесті.

Тараптар екі жақты әріптестікті арттыру тұрғысында ой қозғады. Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бірлесіп атқарған жұмыстар да сараланды. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйыммен ынтымақтастық еліміз үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сізбен көрісіп отырғаныма қуаныштымын. Біз көп уақыттан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қазақстан дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сәтті жұмыс істеуі үшін көп еңбек атқардық және біраз мәселелер бойынша тығыз байланыста болдық. Халықаралық ұйымның ұлт азшылдықтары істері жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқара жүріп, бізбен әріптестікті жалғастырасыз деген сенімдемін.

Ламберто Заньер ЕҚЫҰ, Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары:

- Көп рақмет, президент мырза! Алдымен сізді  жоғары лауазымды әрі жауапты қызметіңізбен құттықтаймын. Осы іскерлік байланысымыздың үздіксіз жалғасып келе жатқанына разымын. Арадағы әріптестігіміз бұдан әрі де дами береді.

Хабар 24 телеарнасы