389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

  • 266
  • UPD: 21:14, 03.09.2019

«Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уирт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.

Басқосуда энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесіне баса мән берілді. Әсіресе еліміздің мұнай-газ өндірісіне жаңа жобаларды енгізу маңызды міндет екені атап өтілді. Айта кетейік, «Шеврон» әлемдік деңгейде ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Менің ойымша, бірлесіп талқылайтын мәселелер бар. Ең алдымен сіздің компанияңызға деген құрметімді жеткізгім келеді. Экономикамызда оның орыны ерекше. Әсіресе мұнай-газ секторының дамуына атсалысып келеді. Әріптестігіміздің осы түрі жоғары бағаға лайық. Алдағы уақытта компания Қазақстан үшін маңызды жаңғыру жобаларын жүзеге асыруы тиіс деп ойлаймын.

Майкл Уирт, «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

- Біздің компаниямыз туралы жағымды пікір айтқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Қазақстан біз үшін қашан да ең маңызды нарық. Сіздермен әріптестікке жеке өз басым баса көңіл бөлемін. Әріптестерім де осындай ұстанымда.

Хабар 24 телеарнасы