389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды

  • 195
  • UPD: 12:13, 04.09.2019

Елордада Азия қаламгерлерінің форумы өтіп жатыр.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған алқалы жиынның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент өз сөзінде «Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті», - деді. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынасының есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болмақ. Осындай игі бастамаларды іске асыру – қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығаратынын Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Алдымен «Азия қаламгерлері» форумы шығармашылық қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде қуатты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіл әлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы біздің халқымыз рухани мұраларын сақтап, ұлттық тарихын зерттеуге, мәдениетті жан-жақты қолдауға әрдайым мән беретінін, бұл берік ұстаным тәуелсіз Қазақстанда жаңа сипат алып жатқанын тілге тиек етті. Атап өтейік, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форум 300 ақын-жазушының басын қосты. Оның ішінде Азияның 38 елінен 70-ке жуық қаламгер, олардың арасында Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN жүлдесінің лауреаттары, жазушылар одағы мен қауымдастықтардың төрағалары бар.

Хабар 24 телеарнасы