387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр

  • 186
  • UPD: 11:14, 06.09.2019
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр 2ГИС

Бүгін елордада президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды арна тілшісі Рауан Мыңбаев.

Жұртшылық пікірі ескерілетін алаңда мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер талқыға түседі.

Еске сала кетейік, ұлттық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен шілде айында құрылған болатын. Осы уақытқа дейін құрамы мен негізгі міндеттері айқындалды. Қырықтан аса қоғам белсендісі оған мүше ретінде енді. Алғашқы отырысына қызу дайындық жүргізілді. Ал осыдан бір апта бұрын президент Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен алдын ала жиын өтіп, кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды.

Жалпы, ұлттық кеңес президент жанындағы консультативтік орган ретінде жұмыс істейді. Жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат, құжат яки кез келген материалды сұрата алады. Алғашқы отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Хабар 24 телеарнасы