386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде болды

  • 208
  • UPD: 17:54, 07.09.2019
Елбасы Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде болды

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов болды.

Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов делегацияны қарсы алып, қонақтарға Елшіліктің жаңартылған ғимаратын көрсетті. Сонымен қатар қонақтар Қазақстан-Ресей қатынастар мұражайын аралап, сирек кездесетін экспонаттармен танысты.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған дипломаттармен амандасып, оларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі (ВДНХ) «Қазақстан» ұлттық павильонында болып, Мәскеу қаласы күніне арналған мерекелік шараларға қатысты.

Хабар 24 телеарнасы