387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев пен В.Путин келіссөздер өткізді

  • 296
  • UPD: 09:06, 08.09.2019

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы -  талайға үлгі, мұндай байланыс көп елге өнеге. Мәскеуде Елбасы Ресей Президентімен кездесуінде осылай деді.

Келіссөздер барысында қос мемлекеттің өзара іс-қимылының негізгі бағыттары талқыланды.

Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеу қаласының күніне арналған мерекелік концертті тамашалап, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің аумағындағы «Қазақстан» ұлттық павильонын аралаған еді. Мерейтой қарсаңында павильон күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілді. Кездесу кезінде Ресей Президенті Владимир Путин екі жақты қарым-қатынасты нығайтып, дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін атап өтті.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Мәскеуге мереке күні келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының бастауында өзіңіз тұрсыз. Гуманитарлық, әскери-техникалық  ынтымақтастық ісінде қос мемлекет таңқаларлық жетістіктерге жетті. Біз сізге әркез қуаныштымыз, сонымен қатар жеке байланысымыздың жалғасып келе жатқанына қуанамын.

Хабар 24 телеарнасы