387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ғалым-нейрохирург С.Ақшолақовты қабылдады

  • 184
  • UPD: 16:09, 09.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовты қабылдады.

Кездесуде соңғы 10 жылда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берілді. Айта кетейік, орталықта микронейрохирургия, эндо-васкулярлық, эндоскопиялық, функционалды нейрохирургия сынды жаңа бағыттар пайда болды. Сондай-ақ, мекеме базасында аса күрделі операциялар жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азиядағы алғашқы «гамма-нож» кешені іске қосылды. Мемлекет басшысы жаңашылдықтарға жоғары баға беріп, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек еліміздің барлық өңірін қамтуы тиіс екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы