384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Си Цзиньпинмен кездесу өткізіп жатыр

  • 406
  • UPD: 16:14, 11.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы сағаттарда Бейжіңдегі Халықтар жиыны үйінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде.

Ал түске дейін қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысқан президент Қытай қоғамдық ғылымдар академиясына барып, дәріс оқыды. 40 жылдық тарихы бар елдегі ең жоғарғы академиялық құрылым қоғамдық әрі әлеуметтік зерттеулермен айналысады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың лекциясын тыңдауға Қытайда оқып жүрген бір топ қазақстандық студенттер де келді. Қазақстан президентінің дәрісі тек қазақ-қытай қатынасының төңірегінде болған жоқ, мемлекет басшысы әлемдегі ахуалға да тоқталып өтті.

Жұлдыз Бекбауова, студент:

- Көптеген мәселелерді, жаһандық мәселелерді қозғады. Қазақстандық жастарға көп мүмкіндік жасаған жолдауын оқыған болатынбыз. Одан хабардармыз. Лекция соның жалғасы деп түсіндік. 

Осы академия қабырғасында мемлекет басшысы өзінің ұстазымен де жүздесті. Лю Шицинь 1983-1984 жылдары Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытай тілін үйреткен. Президент ұстазына деген ризашылығын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Хабар 24 телеарнасы