387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жалғасып жатыр

  • 165
  • UPD: 12:51, 12.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы сапарының екінші күнін Бейжіңдегі Халық батырлары ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, президент өткен екі ғасырда Қытайда болған ұлт-азаттық қозғалыстарының құрбандарын еске алып, рухына тағзым етті.

Сондай-ақ бүгін президент Жалпықытайлық халық өкілдерінің жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Президент кездесуде мемлекеттік сапарының шын мәнінде жемісті болғанын атап өтіп, Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Құрметті, Ли Чжаньшу мырза, біз бүгін бірінші рет кездесіп отырмыз. Өте қуаныштымын. Шын мәнінде кешегі сапарымыз ойдағыдай, жемісті болды деп айтуға болады. Осы сәтті пайдаланып, ҚХР-дың 70 жылдық мерейтойымен Сізді және Қытай халқын шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекет басшысының сапары әрі қарай Қытайдың Ханчжоу қаласында жалғасады. Табиғаты мен технологиясы үндескен қалада президент озық технологиялы компаниялардың жұмысымен таныспақ.

Атап айтсақ, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясы мен «Алибабаның» кеңсесіне барып, оның негізін қалаушы Джэк Мамен жүздеседі деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы