389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада газ тарату желілерінің құрылысы басталды

  • 273
  • UPD: 18:32, 14.09.2019
Елордада газ тарату желілерінің құрылысы басталды astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында көгілдір отын шығаратын газ тарату желілерінің құрылысы басталды.

Газ құбырының негізгі магистральдары жыл соңына дейін жүргізілетін болады.

– Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газдандыруды тапсырды. Бүгін желі құрылысы басталды. Жобаның іске асырылу мерзімі де, сапасы да қатаң бақылауда болады. Келесі жылу беру маусымы басталғанға дейін адамдар газды үйге өткізіп үлгеруі үшін, жобаның бірінші кезеңін 2020 жылдың жазында аяқтау керек. Техникалық қадағалау төсемнің тереңдігін, жылу оқшаулау нормаларын, газ құбырларының түйісулерін және орындалатын жұмыстың сапасын зерделеуге тиіс. Мерзімі бойынша тездету керек, - деді А. Көлгінов.

Жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) дейін газ тарату желілеріне отын беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газға қол жеткізе алады. Жобаның екінші кезегі - Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) тұрғын алаптары. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) тұрғын алаптары газдандырылады. Жобалаушылардың айтуы бойынша, газ тарату желілері көше желісі бойынша жүргізілетін болады, есептеуіштер қарастырылған. Жеке сектор тұрғындары газды тікелей көше желісінен үйлеріне қосады. Газ өткізу атмосферадағы зиянды қалдықтарды 6 есеге, қатты заттарды 35 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы