389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады

  • 222
  • UPD: 22:57, 16.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің маңызды бағыттары сөз болды. Әсіресе, президенттің таяуда көрші елге жасаған сапарында қол жеткізілген уағдаластықтарға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қытай Халық Республикасы төрағасымен кездесуде екі ел үшін де маңызды он шақты құжатқа қол қойылды. Бұл келісімдер өзара ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтереріне сенімдімін.

Чжао Хоулинь, Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы:

Сізбен көрісіп отырғаныма қуаныштымын. Қытайға жасаған сапарыңыз өте маңызды болды. Әріптестігіміз арта береді деген ниеттемін.

Хабар 24 телеарнасы