389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев сауда соғысын өршіткен әлем алпауыттарын ымыраға шақырды

  • 241
  • UPD: 17:54, 24.09.2019

Халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін әзірлеу керек. Елімізде алғаш рет өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Тұңғыш Президент әлем елдері жұмылмаса, сойқан салған содырларға тойтарыс беру мүмкін емес екенін айтты. Одан бөлек Тұңғыш Президент сауда соғысын өршітіп жатқан әлем алпауыттарын ымыраға шақырды.

Әлем қазір әлемтапырақ күйде. Алпауыттардың айқасы – өзге мемлекеттердің экономикасын шатқаяқтатып тастады. Салқыны біздің елге де тиді. Сауда соғысы өршіп тұр. Тараптар дереу ымыраға келмесе, мәселенің өрши беретіні анық. Осындай қысылтаң тұста Парламент мүшелері үн қатып, батыл сөйлемесе – салдың суға кететін түрі бар. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я выступаю за то, чтобы голос парламентариев на континенте был слышан гораздо четче и громче. Понимая глубину и остроту современного глобального кризиса, доверия между ведущими державами мира, кто как не народные избранники должны внести свой вклад в его преодоление. 

Тірескен тараптарды Қазақстан татуластыруға дайын. АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ елдерінің мүшелері елордаға келіп, бейбіт келіссөз бастаулары керек. Елбасының нақты ұсынысы осы. Нұрсұлтан Назарбаев бұл дауға нүкте қояр кез жетті дейді.    

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Даже великие мировые войны заканчивались переговорами. Сейчас конфрантация и недоверия между этими странами волнует весь мир. Именно эти страны, страны победители сели за стол переговоров после второй мировой войны. Так же было и после первой войны. Мне кажется сейчас то же самое. Уверен, что главы этих стран осознают свою особую ответственность за будущее человечества. За международную стабильность и безопасность.  

Тату елдің тірлігі де татымды болады. Елбасы осыдан ширек ғасыр бұрын Еуразиялық интеграция құру туралы бастама көтерген еді. Көбі сонда сенбеген. Кейін жүзеге асты. Аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті.

Вячеслав Володин, РФ Федералды жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы:

 – Ойда болған барлық бастаманы жүзеге асыру көбіне мүмкін емес. Өмірдің соқтықпалы соқпағы көп болады. Бірақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция құру туралы идеясы түптің түбінде жүзеге асты. Қазір осы интеграцияға қасылғысы келетін елдер көбейіп жатыр. 

Мун Хи Сан, Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы:

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқым келеді. Еуразиялық интеграцияның негізін қалап, соны құруға белсенді атсалысты. Соның нәтижесін қазір көп ел көріп отыр. 

Андрей Данко, Словак Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы:

– Еуразия құрлығында орналасқан мемлекеттер үшін шешімі табылмай жатқан мәселелер көп. Оларды бейбіт келіссөз жүргізіп, бірлесіп шешуге болады. Осы ретте, еуразиялық интеграцияның мән-маңызы зор. Осы одақ шеңберінде көп түйіткілдің түйінін тарқатуға болады.

Интеграция – байланыстың баламасы. Ал байланыс жоқ жерде – бей-берекет белең алады. Ашуға булыққандар бір-біріне қару кезенсе, жер бетіндегі адамзат атаулыға қауіп төнгелі тұр. Алпауыттарда жаһанды жалынымен шарпып тастайтын ядролық қару бар. Елбасы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық болсын десек, қауіпті осы қару түрінен тұтастай бас тарту керек деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Сегодня планета оказалась снова у опасной черты. Если произойдет третья мировая война с применением средств массового уничтожения, она может стать последней для нашей цивилизации. Давно сформировался сильный запрос на бесконфликтное существование, жизнь без страха и верой в завтрашний день, будущее наших детей и внуков. В этих условиях все жители Земли должны более активно подключиться к глобальной борьбе за ядерное разоружение и защитить жизнь на планете.  

Байланысты бекемдей алмай жатқанда содырлар да бір бүйірден түртпектеп әлек. Солардың сұсынан құты қашты көп елдің. Мұндайда әлем елдері бірігіп күресуі керек. Ол үшін Елбасы халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың тізімін әзірлеуді ұсынды.    

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Следует сплотить ряды внутри межпарламентского сообщества и повысить эффективность совместной работы на законодательном тренде. Большой пласт деятельности лежит в части гармонизации правовых актов. Так, важно разработать общее определение терроризма, сформировать единый список террористических, экстремистских организаций, организованных международных преступных группировок. Также видятся актуальные работы по разработке правовой базы при переходе мировой экономики в новую цифровую эпоху - эру искусственного интеллекта. 

Келісіп пішкен тон келте болмайды. Тараптар талқылаған тақырыптардың түйіні осыған саяды. Бейбіт бастамалар көтеріп, жаһан жұртын ядролық қарудан азат етуге ұмтылып жүрген Елбасы шартарапты тағы бір ымыраға шақырды. Ол диалог, сенім және серіктестік.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы