389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жас ұстаздардың баспана мәселесін шешетін орталық ашылды

  • 369
  • UPD: 20:35, 28.09.2019
Елордада жас ұстаздардың баспана мәселесін шешетін орталық ашылды

Елордада жас ұстаздарға арналған 350 орындық баспана орталығы ашылды.

Жаңа орталық – бұл жай ұстаздар тұратын орын ғана емес, жас мұғалімдер сабақтан алған әсерімен бөлісетін, заманауи идеялар мен инновациялық білім беру жобаларын талқылайтын диалог алаңы, , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де осы жерде жұмысын жалғастырады.

«Жастар өзінің біліктілігін арттыру үшін осында тәжірибелі педагогтарды шақырып тұрамыз», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, орталықта шахмат, үстел теннисі қойылған демалыс бөлмесі, кітапхана, асхана, оқу сыныптары бар.

Қазіргі уақытта 200-ден астам жас ұстаз кілттерін алып, қоныстана бастады.

Үміткерлер келесі критерийлер бойынша таңдалды: педагогикалық білім (үздік диплом алғандарға артықшылық беріледі), жалпы жұмыс өтілі 5 жылға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында).

Үміткерлерді таңдау кезінде педагогикалық қызметте жетістіктері бар және білім беру ұйымының қоғамдық өміріне қосқан үлесін ескере отырып, жас мұғалімдерге артықшылық беріледі.

Өтінімдерді білім басқармасындағы комиссия қарайды. Оның құрамына кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, БАҚ өкілдері, ата-аналар қауымдастығы кірді.

Ә. Жанғозиннің айтуынша, осы орталықты ашу арқылы білім беру ведомствосы елордадағы кардлық тапшылықты шешуге қадам жасап отыр. Өйткені баспана мәселесіне алаңдаған өңірлердегі білікті жас ұстаздар елордаға келе бермейді.

«Жас мұғалімдердің еңбекақысы пәтер жалдауға жетпейтінін ескере келе, бұл орталықта бір айдағы төлем 17 мың теңге болады», - деді ол.

 

Хабар 24 телеарнасы