389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақан Сатаев «Томиристің» қазақша нұсқасы неге көрсетілмей жатқанын түсіндірді

  • 378
  • UPD: 20:58, 28.09.2019
Ақан Сатаев «Томиристің» қазақша нұсқасы неге көрсетілмей жатқанын түсіндірді tengrinews.kz

«Томирис» фильмінің қазақша дыбысталу нұсқасының жоғы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын.

Фильмнің режиссері Ақан Сатаев instagram-парақшасында оның себебін түсіндірді.

«Құрметті көрермен! Күні кеше #томирисфильм барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Көрермендер мен жуналисттердің қойылған басты сұрақтары - фильмнің қазақша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз, толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік!

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталған мәселені шешу үстіндеміз.

Мұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешімін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз», - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті көрермен! Күні кеше #томирисфильм барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Көрермендер мен жуналисттердің қойылған басты сұрақтары - фильмнің қазаша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз,толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік! Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз. Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз. ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ Друзья, вчера стартовал прокат #томирисфильм По многочисленным вопросам зрителей и журналистов - есть ли озвучивание на казахском языке? Безусловно, у нас есть полноценная версия на казахском языке, более того она у нас приоритетная. Но, в связи с выявленными грамматическими ошибками на латинице в финальных титрах - в фамилиях и именах, мы юридически не могли выпустить в прокат фильм в таком виде! Мы сейчас экстренно решаем возникшую проблему... Мы очень сожалеем о случившимся, и не ищем оправдания, но очень надеемся на Ваше понимание! Приносим свои глубочайшие извинения за несвоевременное предоставление казахской версии фильма! В ближайшие два-три дня этот вопрос будет решен и вы сможете посмотреть #томирисфильм на казахском языке во всех кинотеатрах нашей страны. ⠀ ⠀ #tomirisfilm #томирисфильм #жандану #qazaqfilm #sataifilm #поддержимКЗкино

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

Хабар 24 телеарнасы