389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Хасан Руханимен кездесті

  • 176
  • UPD: 20:00, 01.10.2019

Бүгін мемлекет басшысы Иран Республикасының президенті Хасан Руханимен де кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран президентінің алғашқы екіжақты кездесуі. Иран Ислам Республикасының басшысы өз кезегінде Қазақстан президентін жаңа мәртебесімен құттықтап, табыс тіледі. Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасындағы ұзақ жылғы достықты сөз ете келе, Иран президентін Қазақстанға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Иран біздің тату көршіміз. Біздің арамызда ынтықмақтастық қарым-қатынас өте жақсы. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл салада үлкен жұмыс істеді. Енді менің мақсатым – осы қарым-қатынасқа үлкен серпін беру деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы