388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Жарлығымен ерлік көрсеткен құтқарушылар мен полицейлер марапатталды

  • 229
  • UPD: 18:39, 02.10.2019
Президент Жарлығымен ерлік көрсеткен құтқарушылар мен полицейлер марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері өрт кезінде азаматтарды құтқарудағы ерлігі үшін марапатталды.

Марапатты Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барған Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенант Ерлан Тұрғымбаев табыс етті.

Ерлігі үшін 4 өрт сөндіруші мен полиция қызметкері: Әлімқұлов Бақдәулет, Жұмабаев Құралбек, Сайдахметов Рүстем, Убайдиллаев Бағлан және полиция майоры Қанат Рақышев марапатталды.

Сонымен қатар полиция подполковнигі Үсербаев Ермек пен Әлекешев Қайрат Ішкі істер министрінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдайды жою кезіндегі қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін оларға алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Түркістандағы Royal Grand қонақ үйінде өрт болды. Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақты қоршап, 50 адамды эвакуациялаған болатын. Эвакуация кезінде полиция майоры Қанат Рақышев өз өмірін қатерге тіге отырып, өрт кезінде ғимараттан шыға алмаған Түркия азаматтарын құтқарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы