389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Мемлекет басшысы Ресейге барады

  • 170
  • UPD: 08:42, 03.10.2019
Бүгін Мемлекет басшысы Ресейге барады

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сочи қаласына барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент әріптесі Владимир Путиннің шақыруымен «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады. Биыл 16-мәрте ұйымдастырылған жиынның пленарлық отырысы елорда уақыты бойынша кешкі сағат 19:00 шамасында басталады.

Отырыс алаңында президент бірқатар екіжақты кездесу де өткізуі мүмкін. Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыс елдерінің рөлін талқылауға арналады. Сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ортақ іс-қимылдардың келешегі мен Таяу Шығыс мәселелері қаралады. Пленарлық отырыста Қазақстан мен Ресей басшыларынан бөлек, Әзірбайжан президенті, Иордания Королі және Филиппин президенті сөз сөйлейді.

Айта кетейік, биыл «Валдай» клубының жұмысына 37 елден 140-тан астам сарапшы жиылды.

Хабар 24 телеарнасы