389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті

  • 247
  • UPD: 22:53, 03.10.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» пікірталас клубының алаңында ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесті.

Президенттер елдер арасындағы сратегиялық байланысты жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты. Экономиканың барлық саласы бойынша әріптестік қалыпты дамып келе жатқаны атап өтілді. Айта кетейік, былтыр өзара тауар айналымы 17 жарым миллиард АҚШ долларынан асты. Ресейлік нарыққа қазақстандық экспорт та ұлғайып келеді. Бұған қоса көшбасшылар Жеңістің 75 жылдығын бірге атап өту жөнінде пікір алмасты. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

- Біз сізбен жақында ғана кездестік. Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту туралы маңызды шешімдер қабылдадық. Екіжақты күн тәртібіне келсек, барлық бағыттар бойынша жұмыс жүріп жатыр. Тауар айналымы қомақты және бірлескен жобалар сәтті жүзеге асуда. Валдай клубының отырысына шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Дипломатиялық саладағы тәжірибеңізді ескере отырып, пікіріңізді тыңдап, кеңесіңізге құлақ асу біз үшін өте маңызды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Сочиге алғаш рет келіп отырмын. Қала өте жайлы әрі демалысқа қолайлы екен. Өте қызықты форум өткелі жатыр. Алдағы уақытта Мәскеуге  тағы бір мәрте баруды жоспарлап отырмын. Жеңістің 75 жылдығын атап өту ортақ міндетіміз. Менің де әкем соғысқа қатысқан. Ол Твер облысы Ижем ауданындағы елді-мекенде жерленген. Екі елдің әріптестігіне келсем, ынтымақтастықты одан әрі дамыта беру керек. Стратегиялық серіктестігіміз жоғары деңгейде. Оның үстіне, Еуразиялық экономикалық одаөқ саммитінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы