389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин – Деревянченко: Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті

  • 251
  • UPD: 11:16, 06.10.2019
Головкин – Деревянченко: Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті prosports.kz

Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде қазақстандық боксшы мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек Головкиннің жеңісімен аяқталды.

Спортшылар IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулына таласқан болатын. 

Жекпе-жектің бірінші раундында украиналық боксшы нокдаунға түсіп қалды. Қабағы жыртылған Сергей Деревянченко айқасты жалғастыра алды.

12 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Сөйтіп, қазақстандық Геннадий Головкин IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Басты жекпе-жектен бөлек, осы бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды

Хабар 24 телеарнасы