389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көп балалы отбасыларға табыс мөлшеріне қарамастан бала басына жәрдемақы беру ұсынылды

  • 320
  • UPD: 13:28, 07.10.2019
Көп балалы отбасыларға табыс мөлшеріне қарамастан бала басына жәрдемақы беру ұсынылды

Көп балалы отбасылардағы балаларға табыс мөлшеріне қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беру жоспарлануда.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көп балалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көп балалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көп балалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Сонымен қоса атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы оқушы балалар үшін мектепте тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке барып-келу тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын алуды мемлекет есебінен берілмек.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізіледі.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізумен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Хабар 24 телеарнасы