389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау перинаталдық орталығының 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы арыз жазды

  • 277
  • UPD: 23:49, 07.10.2019
Атырау перинаталдық орталығының 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы арыз жазды

Атырау облыстық перинаталды орталығындағы оқиға шиеленісіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы дәрігерлер мен емделушілер арасында жағдай ушығып тұр. Осындай жанжалдан қажыған 31 дәрігер жұмыстан босату жөнінде өтініш жазған.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек күні осы орталықта тірі шақалақты тоңазытқыш камерасына салып үсіріп өлтірген дерек тіркелген еді. Қазір дәрігерлер негізгі жұмыстарын атқарудың орнына тергеушілерге жауап беру мен емделушілердің наразылықтарына тап болғандарын айтады.

Айгүл Шмалина, облыстық перинаталды орталығының дәрігері:

- Жұмыстан шығамыз деп арыз жазуымыздың бір-ақ қана себебі бар. БАҚ пен антикоррупциялық комитеттің Нұр-Сұлтанда болған брифингісінен кейін халық арасында дәрігерлер жайында жақсы ақпарат беріліп жатқан жоқ. Мен 17 жыл орталықта жұмыс істегенде адам өлтірген деген атақты бірінші рет естіп тұрмын. Бірақ та қазір әйелдер жағынан, олардың қасындағы жүкті әйелдер мен серіктері жағынан бізге психологиялық атака жасалып жатыр деуге болады.

Бүгін Атырауға Денсаулық сақтау министрлігінен жұмыс тобы келіп, іске кірісті. Олар болған жағдайды зерттеп, зерделеуі тиіс. Сондай-ақ облыстық перенаталды орталыққа көршілес облыстардан маман дәрігерлер шақырылған.

Хабар 24 телеарнасы