389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиынға қатысып жатыр

  • 156
  • UPD: 14:34, 08.10.2019

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бас қала егемен еліміздің негізгі әрі аса маңызды жобасы. Бүкіл әлемге Назарбаев моделі немесе Қазақстан жолы деп мойындалған стратегия дәл осы шаһардан басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған астана жылдан жылға дамып келе жатыр. Бүгінде еуразияның жүрегінде орналасқан елордамыз ірі саяси-экономикалық, мәдени және білім орталығы болып қалыптасты», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласын ары қарай дамытып, жаңа белестерге шығару алдағы негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтты.

Хабар 24 телеарнасы