389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев LRT құрылысына қатысты тергеуді жетелдетуді тапсырды

  • 147
  • UPD: 13:37, 08.10.2019
Тоқаев LRT құрылысына қатысты тергеуді жетелдетуді тапсырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысы ісін тергеуді жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тергеуді жеделдеу тапсырмасымен жүгінгім келеді. Біреулердің шетелге қашып кеткендігін айтып, үстімен жүруге болмайды. Бұл жоспарланған қашып кету екендігі түсінікті. Өзгелерді, оның ішінде шешім қабылдаған әкімдіктің басшыларын қаперден тыс қалдырмау керек», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті тіпті ол LRT компаниясының басшысы болса да бір ғана орындаушыға ғана назар аударылатын проблема еместігін баса айтты.

«Мәселен, шешімді әкімдік қабылдады. Тереңірек тексеріңіздер, бұл өте даулы жоба, экономикалық тұрғыда түсініксіз. Әрине, Үкімет пен әкімдіктің қол қолдауымен оны жүзеге асыруға тура келеді. Себебі халықаралық міндетте бар. Бұл проблеманың мән-жайын анықтайық», – деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы