389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Ресей сыртқы істер министрін қабылдады

  • 156
  • UPD: 20:10, 09.10.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавтровты қабылдады. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар Президент Сочидегі Валдай форумынан алған әсерімен бөлісіп, жиынның жоғары деңгейде өткенін айтты. Өз кезегінде Сергей Лавров Мемлекет басшысына Қазақстан мен Ресей арасында бекіген келісімдердің жүйелі жүзеге асып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ Сергей Лавров екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздерінің қорытындысымен бөлісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сізді елордада көргеніме қуаныштымын. Біздің мемлекеттер арасында көптеген сұрақтар талқыланып шешімін тауып жатқанын білеміз. Дегенмен, елдеріміздің арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей сияқты әріптестер үшін солай болуы да заңдылық. Біз одақтастығымызды бекітіп және дамытуға ниетті стратегиялық әріптестерміз. 

Сергей Лавров, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі:

- Біздің пайымдауымызша, байланыстарымыздың дамуы жақсы. Қарым-қатынастарымыздың дамуына жоғары деңгейде берілген серпін, біз үшін барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарымызға бағдар болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы