389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

  • 133
  • UPD: 09:59, 11.10.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Алқалы жиын Түрікменстан астанасы Ашхабад  қаласында  өтеді. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары алдымен шағын құрамда кездесу өткізеді. Кейін кеңейтілген отырыста күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылайды. Жиында арнайы декларация қабылданады деген ақпарат бар. Маңызды құжат ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік бермек. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен де кездседі. Тараптар екі ел арасындағы өзара байланысты дамыту мәселелерін талқыға салады.

Хабар 24 телеарнасы