389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент ТМД елдері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа барды

  • 132
  • UPD: 11:26, 11.10.2019
Президент ТМД елдері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған.

ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа үндеу жарияланбақ.

Ақпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook парақшасынан алынды

Хабар 24 телеарнасы