389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ашхабадта Г.Бердімұхамедовпен кездесті

  • 117
  • UPD: 14:05, 11.10.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Президенті Ашхабад қаласында өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Бірақ алдымен түрікмен басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен екі жақты кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы өзара байланысты дамыту, сауда-саттық көлемін арттыру сынды мәселелерді қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркіменстан арасында достық қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл әріптестік әрмен қарай дами беретініне сенім білдірді.    

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Екі елдің байланысын одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше жобамыз бар. Ұсыныстарды кейінірек жіті талқылаймыз деген ойдамын. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында маңызды мәселелер қаралады. Бұл жиын елдер арасындағы әріптестікті одан әрі жетілдурге мүмкіндік береді. 

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті: 

- Қонақжай түрікмен еліне қош келдіңіз! Шақыртуымызды қабыл алғаныңызға алғыс білдіремін. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылап, ортақ шешімге келеміз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы