387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту мәселелерін талқылады

  • 234
  • UPD: 19:50, 14.10.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Саиров пен Мұхтар Тайжанды қабылдады.

Ерлан Саировпен әңгіме барысында еліміздегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-рухани мәселелер, мемлекеттің аймақтық дамуы туралы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар кездесуде Президенттің Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттары, еліміздің кейбір шекаралық аудандарының дамуы, көп балалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа сапалы білім беру жағдайы сөз болды.

Мұхтар Тайжанмен өткен кездесуде жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру жайы қозғалды.

Сондай-ақ кездесу барысында өңірлердегі азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту, жол салу, экология мәселелері айтылды.

Хабар 24 телеарнасы