388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Кан Гён Хваны қабылдады

  • 296
  • UPD: 20:43, 16.10.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының сыртқы істер министрі Кан Хён Хваны қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол елордада өтіп жатқан «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумының 12-отырысына қатысуға келген. Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестіктің бүгіні мен ертеңін талқылап, жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асу барысы жайлы пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-инвестициялық және технологиялық қарым-қатынастардың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынын жоғары бағалады. Кан Хён Хва болса, өз елінің президенті Мун Чжэ Иннің сәлемін жеткізіп, Қазақстанмен серіктестікті екіжақты әрі өңірлік деңгейде тереңдетуге мүдделі екендерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Президент Мун Чжэ Иннің сәуір айындағы сапары өте жемісті болды. Сол кезде қол қойылған «Самал жел» бағдарламасы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді деп санаймыз. Біз экономика және бизнес салалары бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыра беруге ниеттіміз.

Кан Гён Хва, Корея Республикасының сыртқы істер министрі:

- Келесі жылы біздің елімізге жасайтын сапарыңызды асыға күтеміз. Біздің президентіміздің Қазақстанға жасаған сапарының нәтижесі өте жемісті болды. Осы сапар аясында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың нақты бағыттарын айқындады. Оны екі мемлекеттің тиісті органдары сәтті іске асырып жатыр. Барлық мәселе өз жолымен дамуда. Сіздің Оңтүстік Кореяға жасайтын сапарыңыз ынтымақтастығымыздың жаңа көкжиектерін ашады деп сенеміз және ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Хабар 24 телеарнасы