388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» партиясының мүшелері Қ.Тоқаевтың төңірегіне топтасуы тиіс – Елбасы

  • 367
  • UPD: 18:50, 18.10.2019

Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмай, белсенді жұмыс істегендері жөн.

Партия мүшелерімен  және депутаттармен жиналыс өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Партия жетекшісі фракция жұмысы кезінде келісім тәртібін қиындатпай, бюрократиядан аулақ болуды тапсырды. Жиында «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Осы орайда Елбасы «партия мүшелері халықты толғантқан проблемаларды шешуге баса назар аударып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтасуы тиіс» деді. Сондай-ақ партияның бағдарламалары нәтижесінде қол жеткен жетістіктердің мол екенін айтты. 3 жарым жыл ішінде 430 мың жұмыс орыны ашылып, 3 мың шақырымға жуық жол салынған. Жиын соңында Елбасы «сайлауалды бағдарламада айтылған мақсат-міндеттер Үкіметтің 5 жылдық жұмыс жоспарына енгізілуі тиіс» деді.

Хабар 24 телеарнасы