420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның 74,9% халқы сенім артады – сауалнама нәтижесі

  • 1037
  • UPD: 15:21, 22.10.2019

Халықтың 75 пайызына жуығы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіріп отыр.

Бұл - Еуразиялық интеграциялық институт жанындағы әлеуметтік зерттеулер орталығы жүргізген сауалнаманың нәтижесі. Сұрақ-жауапқа қатысқан 1 мың 600 адамның 70 процентінен астамы Қазақстан Президентін қолдады. Зерттеу барысында респонденттерге Мемлекет басшысына көрсетілетін сенім, қолдау және Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформарларға қатысты бас-аяғы 13 сұрақ қойылды. Қыркүйектің ортасынан қазан айынан дейін өткен сауалнамаға еліміздің 14 облыс орталығы мен үш республикалық маңызы бар қаладан 18 жасқа толған жастар, кәсіпкерлер, тұрмысы төмен отбасылар және тағы да басқалары қатысты.

Дәурен Базаров, Еуразиялық интеграциялық институт қызметкері:

– 70 пайыздан астам респондет болып жатқан нақты реформаларға жоғары сеніммен қарайтынын атап өтті. Бұл жерде несиені қысқарту, жердің сатылмайтындығы, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету сияқты реформалар халықтың тарапынан қолдауға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы