387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

  • 162
  • UPD: 21:36, 22.10.2019
Елордада Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

«Мен Сирияда қарсы тараппен соғысқаным жоқ, тек жаралы жауынгерлерге көмек көрсетумен айналыстым».

Бүгін елордадағы ЕЦ-166/10 тергеу изоляторында басталған сот отырысында айыпталушылардың бірі осылай деді.

Прокурор оны «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» қызмет етті. Экстремизді насихаттады және өзге де ауыр қылмыстар жасады», деп айыптап отыр. Сондай-ақ «Жусан» арнайы операциясы аясында елге қайтарылған өзге 13 қазақстандыққа да осындай кінә артылды.

Сот залында 14 сотталушының он үші болды. Біреуі денсаулығына байланысты мамандандырылған ауруханада жатыр. Айыпталушылардың ең үлкені 50, кішісі 22 жаста. Тергеу барысында олардың арнайы бейнероликтерге түсіп, экстремистік әрекетті насихаттағаны және Сирия әскеріне қарсы соғысқаны анықталды. Істі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қарап жатыр. Сот отырысқа айыпталушылардың туған-туыстары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына рұқсат етті.

Хабар 24 телеарнасы