384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті

  • 289
  • UPD: 13:52, 23.10.2019

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды elbasy.kz

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Жапонияның премьер-министрі Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы және әлемдегі басқа да қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы