388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Түркістандағы жаңа ғимараттарды аралады

  • 179
  • UPD: 15:46, 05.11.2019

Биыл облыста жыл соңына дейін 102 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев әуелі Неке сарайына аялдады. Дәл мұндай арнайы ғимарат бұрын-соңды Түркістанда болмаған. Екі қабатты, 2 мың шаршы метрлік сарай – Қостанай облысының тартуы. Елбасы бұл жерде некесін қиып жатқан жастармен емен-жарқын әңгімелесіп, оларға ақ тілегін айтты.

Ал Халыққа қызмет көрсету орталығы болса түркістандықтар үшін аса маңызды нысан. 550 орындық концерт залы бар, жастарды өнерге баулуға қажетті құрал-жабдықтардың бәрі қарастырылған музыка мектебі де қаланың көрікті ғимараттарының бірі болмақ. Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы медиа орталықтың ғимаратын да аралап көрді. Ол шағындау болғанымен, мүмкіндіктері елордадағы «Қазмедиа» орталығымен шамалас шаңырақ. Сосын ғимараттың өзі энергия үнемдейді. Тұтастай көмкерілген шынының арқасында орталықтың іші қыста жылы, жазда қоңырсалқын.

Ал әкімшілік-іскерлік орталықтың белортасындағы ғимарат облыстық әкімдікке тиесілі. Шығыстық үлгідегі, іскерлік стильмен сәтті сабақтасқан нысанды Елбасы аралап, осы жерде сапарды қорытындылады.

Хабар 24 телеарнасы