384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар облысында жолдар жабылды

  • 236
  • UPD: 23:38, 09.11.2019
Еліміздің бірқатар облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық жолдарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысы

Сағат 16.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (қар, жел, көктайғақ) байланысты «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым, Қостанай, СҚО облыстары шекарасында), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым, Костанайской облысының шекарасы-Сұрған кенті), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 км, Жақсы кенті-Бұзылық кенті), «Екатеринбург-Алматы» (856-1141 шақырым, СҚО-Новочеркас ауылы), «Нұр-Сұлтан – Петропавл» (18-231 шақырым Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы), «Петропавл-Нұр-Сұлтан» (Петропавл қаласы- Ақмола облысының шекарасы) жолында барлық көліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысы

Сағат 17.00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» (555-729 шақырым, Қостанай қаласы-СҚО шекара), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (7-232 шақырым, Қостанай қаласы-Ақмола облысы) жолында барлық көліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сағат 17.00-ден бастап «Екатеринбург-Алматы» (729-856 шақырым, Қостанай облысы- Ақмола облысы шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (595-701 шақырым, Новоишимский ауылы-Ақмола облысы шекарасы) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысы

Сағат 18.00 жаңбыр аралас қар жауып тұрғандықтан «Өскемен-Риддер–Ресей шекарасы» (15-105 шақырым, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы), «Өскемен-Алтай–Қатонқарағай-Рахманов қайнары» (6-166 шақырым, Ушановский ауылы-Алтай қаласы», «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» (15-102 шақырым, Глубокое кенті-Шемонаиха қаласы) жолында қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Хабар 24 телеарнасы