384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


14-16 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады

  • 327
  • UPD: 08:33, 14.11.2019
14-16 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады

Қарашаның 14-16 аралығында еліміздің бірқатар облыстарында күн суытып, аяз күшіне мінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 18-20, кей жерлерде тіпті 25 градусқа дейін төмендейді. Қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ күтіледі. Желтоқсанда жауын-шашын көп түседі деп болжанып отыр. Қыстың алғашқы екі айында еліміздің басым бөлігінде күн райы жылы болмақ. Ал, ақпанда Карск теңізі аудандарынан суық ауа массалары келеді. Сібір антициклоны орнайды. Сол кезде күн қалыпты жағдайдан 1-2 грудасқа суытады. Қыстың үшінші айында оңтүстік-батыс аймақта жауын-шашын аз болады.

Хабар 24 телеарнасы