386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президентінің Көкшетауға жұмыс сапары басталды

  • 267
  • UPD: 11:19, 14.11.2019
ҚР Президентінің Көкшетауға жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Сонымен қатар баспасөз хатшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінен үзінді келтірді:

«Құрметті қауым!
Бүгін өздеріңізбен Көкше төрінде жүздесіп отырмыз. Арқаның айрықша сұлу аймағы – бүкіл еліміздің мерейі әрі мақтанышы. Бұл – тарихы терең, табиғаты ғажайып киелі өлке. Тұғыры биік тұлғалар шыққан қастерлі өңір. Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары. Осы жердің тұрғындары ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Сондықтан облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, даму келешегі – еліміз үшін өте маңызды міндеттердің қатарында.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Мен Жолдауда айтып өттім, экономикалық өсімді және тың өзгерістерді еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Біз халықтың әл-ауқатын арттыруды әрдайым басты назарда ұстауымыз керек. Өңірде тұратын азаматтарымыздың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл, ең алдымен, жергілікті халық тұрғын-үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сияқты игіліктерді көруі тиіс деген сөз. Сол себепті барлық деңгейдегі әкімдер жұмысты жаңа талапқа сай, тиімді ұйымдастыруы қажет. Осыған орай бүгінгі жиында Ақмола облысын дамыту мәселелерін қарастырамыз».

Хабар 24 телеарнасы