384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев қолма-қол ақшасыз аударымдардан салық ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді

  • 304
  • UPD: 15:20, 15.11.2019
Қ.Тоқаев қолма-қол ақшасыз аударымдардан салық ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді Ақорда

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Мәулен Әшімбаев айтты.

«Президент Ақмола облысын дамытуға арналған кеңесте қолма-қол ақшасыз аударымдардан салық ұстау мүмкіндігі туралы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. Соңғы күндері бұл сұрақ қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ыңғайлылығының арқасында кейбір банктердің тез арада аударым жасау жүйесі тұрғындар арасында танымал болып келеді. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар бұл мәселені тыңғылықты зерттеуі керектігін атап өтті. Сол себепті Президент сауалды күн тәртібінен алып тастау туралы тапсырма берді», – деді М.Әшімбаев өзінің facebook-тегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы