384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын жеңді

  • 258
  • UPD: 09:42, 17.11.2019
Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын жеңді

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қонаққа барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтың аутсайдері алғашқы минуттан осалдық танытып, 6-минутта гол жіберіп алды. Бактиер Зайнутдинов есепті ашса, арада 15 минут өткенде Гафуржан Сүйімбаев есепті еселей түсті. Сан-Марино есін жиғанша Алексей Щеткин Қазақстанның үшінші голын соғып үлгерді. Осылайша, Қазақстан құрамасы алғашқы таймда-ақ матч тағдырын шешіп кетті.

Екінші тайм бір сарында өтті. Қазақстан құрамасының бірнеше өткір шабуылы болғанымен, есеп еселенбеді. Есесіне Сан-Марино бірнеше жылдан бергі голын дәл осы матчта соғуға мүмкіндік алды.

Осылайша, қоржынына 10 ұпайды жинаған Қазақстан құрамасы І тобында бесінші сатыға жайғасты.

Еуропа чемпионаты. Іріктеу кезеңі

Сан-Марино – Қазақстан 1:3 (0:3)

Голдар: Зайнутдинов 6 (0:1), Сүйімбаев 23 (0:2), Щеткин 27 (0:3), Берарди 77 (1:3).

Хабар 24 телеарнасы