384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

  • 406
  • UPD: 14:07, 18.11.2019

Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда баспана мәселесін шешуге бағытталған тағы бір бағдарлама енгізіледі, ол бағдарламада басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады», - деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет 2020-2025 жылға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады. «Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың» бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі», - деді Атамқұлов. «Бақытты отбасы» бағдарламасы кезекте тұрғандарға тиесілі болып қала береді, олардың санатына кіретіндер – екі күнкөріс минимумы - 59,4 мың теңге табысы бар көп балалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар.

«3,1 күнкөріс минимумы - 92 мың теңге табысы бар кезектегілер «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар – әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы тиімді», – деді министр.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

– Бес жүз жиырма алты адам мың кезекте тұр. Көп азамат жеке өзіне пәтер алғысы келеді. Олай болса, ТҮҚЖБ ақша жинаңыз. Табысыңыз жоқ болса, күнкөріс деңгейі деген ұғым бар. 29700 теңге. Адам басына шаққанда бұдан аспайтын болса, онда сіздің аренделық үй алуыңызға мүмкіншілігіңіз бар.

Хабар 24 телеарнасы