384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Eurovision-2019: Ержан Максимге қалай дауыс береміз?

  • 251
  • UPD: 15:11, 23.11.2019

«Хабар» телеарнасынан ертең тікелей эфирде көрсетілетін Junior Eurovision-2019 ақтық сайысында Ержан Максимнің жеңімпаз атануы әбден мүмкін.

Еуропаның көптеген музыкалық сарапшылары қазақстандық жас дарын алғашқы үштікке енеді деп жорамал жасап жатыр. Көпшілік Ержанның сахнадағы өнерін интернет арқылы тамашалап үлгерді. Мазмұнды әнінен бөлек, арнайы эффектілерге толы нөмірін халық жылы қабылдап жатыр. Сайысқа қатысушылар да қазақстандық балтаңдай әншіге риза. Олар Ержанның әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүретін жайдары мінезіне тәнті.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Кәсіби мамандардың көбісі Ержан Максим кем дегенде үшінші орын алуға лайықты деген пікір айтқан болатын. Бұл Евровидение жобасына екінші жыл ғана қатысып отырған жас мемлекет үшін берілген үлкен баға деп білеміз. Сондықтан да осы жауапкершілікті сезініп отырған Ержан Максим жүлделі орын алады деген үміттеміз.

Айта кетейік, дауыс беру кезеңі басталып кетті және ол жексенбі, сағат 21:00-ге дейін жалғасатын болады. Егер Қазақстанның жалауы байқау көгінде биік желбіресін десеңіз, Junioreurovision.tv сайтына кіріп, 10-шы нөмірлі Ержан Максимге дауыс беріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы