411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Junior Eurovision-2019 байқауында 2-орынды иеленді

  • 2101
  • UPD: 09:05, 25.11.2019
Ержан Максим Junior Eurovision-2019 байқауында 2-орынды иеленді

Көрермендердің дауыс беру нәтижесі мен қазылар алқасының шешімі жарияланды.

Оған сәйкес «Арманыңнан қалма» әнімен 10-шы болып өнер көрсеткен Ержан Максимге 2-орын бұйырды.

Еске сала кетейік, Польшаның Гливице қаласында 19 елдің өнерлі өрені бақ сынаған балалар Евровидениесі болып өтті. Биыл халықаралық сахнада тек қазақ елінің ғана емес, жалпы түркі әлемінің намысын Ержан Максим қорғады.

Оралдан шыққан оғлан бұған дейін Италия, Ресей, Латвия, Беларусь елдеріндегі түрлі өнер додаларынан олжалы оралған еді. Ал Ресейдегі «Голос дети» жобасы жас таланттың қарым-қабілетін жарқырата көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстан бұл сайысқа осымен екінші жыл қатысып отыр. Ол «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағына мүшелігінің нәтижесінде мүмкін болды.

Халықаралық ән додасында онлайн аудитория мен қазылар алқасының таңдауы дөп түскен үміткер жеңімпаз атанды.

Сайысқа қазылық еткен әр елдің кәсіби мамандары Ержан Максимнің өнерін жоғары бағалап, жеңімпаз атануға лайық деп тапқан. Алайда екінші кезеңде, яғни көрермендердің берген даусы бойынша ұпай саны жеткіліксіз болды. 

Сонымен, сайыс қорытындысы мынадай:

1. Viki Gabor (Польша)

2. Yerzhan Maxim (Қазақстан)

3. Melani Garcia (Испания)

Хабар 24 телеарнасы